Атырау облысында қорада болған өрттен үш баланың сүйегі табылды, деп хабарлайды Stan.kz. Қайғылы оқиға 5 қазан күні кешкі сағат жеті шамасында Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында болған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сәйкес, Ж. Жаскеленов көшесі, 23 үйдің шөп қорасынан өрт шыққандығы туралы хабар кешкі сағат 19.27 шамасында түскен. Кейін шөп қораның бұрышынан үш жас баланың сүйегі табылған.
Қазіргі таңда балалардың сүйегі сот-медициналық сараптамаға жөнелтілген.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сүйегі табылған балалар 2012, 2014 жылдары туған.
Себебі, 5 қазан күні 21.40 шамасында Махамбет аудандық полиция бөліміне 2012, 2014 жылы туған балалардың ойнауға шығып кетіп, үйге оралмағандығы туралы хабар түскен.