Жаңалықтар 06.10.2021 сағат 13:00

Павлордарда мектеп директоры алаяқтықпен айналысқан

Ол зардап шегушіге микрокредиттік ұйым атынан қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие қарызын төлеуді талап еткен.
Павлордарда мектеп директоры алаяқтықпен айналысқан

Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғын микрокредиттік ұйым атынан қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие қарызын төлеуді талап еткен.

Алаяқтардың құрбаны болғанын білген зардап шегуші бірден полицияға қоңырау шалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Май аудандық полициясы алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.
 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар