Кавказдағы Исламды зерттеу орталығының директоры, белгілі саясаттанушы Шота Апхаидзе Арман Жұмагелдиев және оның «достары» жайлы көлемді зерттеу жариялады.
Апхаидзе «Тұран қылмыскерлері» жобасы ешқандай да аңыз емес, оның басшыларының бірі Арман Жұмагелдиев екенін жарияға жар салды. «Тұран қылмыскерлері» әлемдік қауымдастыққа қауіп тудырып тұр деп дабыл қаққан.
Арман ешкімнен ешнәрсені жасырмай әлеуметтік желіге сирек суреттер жариялап отырады. Олардың қатарында түріктің «бас мафиозы» Седат Пекер, әзірбайжандық марқұм Лоту Гули мен бір кездері Түркия саясатына дүмпу әкелген «көк бөрі» ұйымының мүшесі болған Алаатдин Чакыджимен түскен суреттер мақалаға негіз болса керек.
Айтпақшы, осы күнгі Арман Жұмагелдиевке тән көк бөрінің ишараты бір кездері Алааттин Чакыджи құрамында болған ұйымның ресми белгісі еді.
Мақала авторы Седат Пекерді
ұйымының басы десе, қазақ Арман Жұмагелдиевті «Седат Пекердің оң қолы, ұйымның күштік қанатының жетекшісі» деп мәлімдеп отыр.
Пекердің өзі әлеуметтік желіде Арманның суретін жариялап, «Біздің бауырлас Қазақ еліндегі жастардың көшбасшысы Арман Жұмагелдиев пен оның достары маған қонаққа келіп, иығыма сұлтандар ғана киетін шапан жапты» деп жазған еді.
Мақала авторы үшін бұл таптырмас дәлел болғандай.