Жаңалықтар 06.10.2021 сағат 18:20

«Футбол ойнайсыңдар»: Мәжіліс төрағасы министр Атамқұловқа шүйлікті

Нығматулиннің көңілі бұл жауапқа да толмады.
«Футбол ойнайсыңдар»: Мәжіліс төрағасы министр Атамқұловқа шүйлікті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәжілістің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин депутаттың сұрағына нақты жауап бере алмай тұрған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа шүйлікті деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Мәжіліс депутаты Самат Сағынов еліміздегі дамыту институттарының жұмысына қатысты сұрақ қойды.

Министр Атамқұлов бұл сұраққа жауап беріп жатқанда Нығматулин оның сөзін бөліп жіберді.

Кім немен айналысып жатқанын айтып керек емес. Дамыту институттарының санын қысқарту бойынша пікіріңіз қандай? Нақты сіздің ұстанымыңыз қандай? Министр емессіз бе? - деді ол.

Атамқұлов дамыту институттарын қысқартуды қолдайтынын айтты.

Нығматулиннің көңілі бұл жауапқа да толмады.

Өзіңіздің ұстанымыңызды нақты айта аласыз ба? Өнеркәсіппен қандай министрлік айналысады? Оларды дамыту инститтутарының саны қанша? 4 министрлік жауап береді. Барлығы осы жерден шығып отыр. Осы жерде БАҚ-та, блогерлер қоятын сұрақтардан жалтарасыздар. Футбол ойнайсыңдар. 4 министрлікке қатысты дамыту институттары болса, бұл сұрақтан барлығы жалтарады. Мен жауап бермеймін, ол да жауап бермейді. Солай қалады, - деді Нығматулин.

Мәжіліс спикері бұл дамыту институттарының болашақта сақталуына күмән келтірді.

Оны онтайландыру қажет болады. Министрдің көзқарасы болуы керек. Оны әріптестерімен талқылап, ақылдасу керек. Бұл жұмысты дұрыс атқару керек. Бейбіт Бәкірұлы, Ресей институттарының мәселесін зерттеңіз. Олар баяғыдан «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Әртүрлі министрлік пен орган болса, да қызмет бір жерден көрсетіледі, - деді Нығматулин.

Нығматулин құзыретті министрлік өкілдерін жинап, Парламент қабырғасында бұл мәселені шешуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар