06.10.2021, 17:20

Ақсайда ер адам жұмыстасын ұрып өлтірді

Фото: ашық дереккөзі
Пәтерде уақытша бірге тұрып жатқан екі ер адам бір-бірімен сөзге келген.

Ақсай қаласында ер адам жұмыстасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ауыр дене жарақаттары салдарынан 47 жастағы ер адам көз жұмды.

Пәтерде уақытша бірге тұрып жатқан екі ер адам бір-бірімен сөзге келген. Жанжал соңы төбелеске ұласқан. 49 жастағы ер адам әріптесін соққыға жыққан.

Соның салдарынан 47 жастағы ер адам Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, жансақтау бөлімшесінде есін жия алмастан қайтыс болып кетті.

Күдікті мен жәбірленуші бірге жұмыс істеген. Қылмыс орын алған пәтерді бірге жалға алған.

Аталған оқиға бойынша қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3- бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.