17.10.2016, 12:24

Атышулы Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгеретін болды

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жабылуын талап еткен Қазақ-түрік лицейлері атауын өзгертпек. Бұл туралы аталған оқу орындарына басшылық ететін KATEV қорының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қор басшылығының (Қордың Құрылтайшылар кеңесі мен Қордың Ғылыми-әдістемелік кеңесі), ҚТЛ білім алушыларының ата-аналар қауымдастығы, лицей директорларының шешімімен ҚТЛ атауына «ребрендинг» жасау, яғни білім беру ұйымының қоғамдағы орны мен мәртебесін жайлы жайғастыру мақсатында атын ауыстыруды, және де оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырып, атауын «Білім-инновация лицейі» деп өзгерту туралы бастама көтеріп отыр», - делінген KATEV қоры таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Түркия басшысы аталған лицейлердің «діндар» Фетхулла Гүленге тікелей қатысы барын айтып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оларды жабуға кеңес берген болатын. Өз кезегінде Елбасы аталған оқу орындарына ауқымды тексерулер жүргізетінін мәлімдеді.