$ 494.87  520.65  4.91

Елімізге «Pfizer» вакцинасының 4 миллион дозасы әкелінеді

Министрдің айтуынша, Pfizer вакцина келген бойда оны алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы әкелінеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Pfizer бойынша біз негізгі келісімшартқа қол қойдық. Осы компаниямен келісімшарт рәсімдеудің өзіндік тәртібі бар. Бірнеше құжат бар. Біз соңғы құжатты рәсімдедік. Оған сәйкес, шамамен, төрт миллион доза жеткізіледі", - деді Цой. 

Оның сөзінше, әр аймақта қажетті температура – -80 градусты сақтайтын салқындатқыш құрылғылар болады. 

"Сондықтан барлық жағдай жасалады. Вакцина салу пункттері дайын. Жұмыс принципі ұқсас. Сақтаудағы басты айырмашылық – температураның әр түрлілігі. Сондықтан қосымша құрылғылар барлық аймақта орнатылады. Вакцина әкелінгенге дейін барлығы дайын болуы тиіс. Бұл бізге болашақта вакцинаны әр температурада сақтауға жол ашады. Кез келген елдің вакцинасын сақтай алатын боламыз", - деп қосты Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, Pfizer вакцина келген бойда оны алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынады. Себебі екпені дәл осы топқа жататын адамдарға салуға болады.

"Меніңше, қазан-қарашада жеткіземіз. Қазір растауды күтіп отырмыз. Жақын арада болады", - деп атап көрсетті Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина