07.10.2021, 00:03

Қарағандыда әйел дүкеннен бір мезетте 192 шоколад ұрлап кетті

Фото: ашық дереккөз
24 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына дүкендердің бірінен белгісіз біреу 192 шоколад ұрлағаны туралы ақпарат түскен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 30 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатасы бар деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ktk.kz   

Тегтер: дүкен шоколад