$ 449.58  486.94  4.86

Алаяқтар халық санағы арқылы несие рәсімдеп жатыр

Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы аудио хабарлама таратуда.

Ол жерде алаяқтар халық санағы арқылы азаматтардың атынан несие рәсімдеп жатқаны айтылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.

WhatsApp мессенджерінде жіберілген дауысты хабарлама қазақстандықтарды алаңдатты. Онда халық санағы арқылы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны айтылған.

"Бейнеқоңырауда бейтаныс нөмір шырылдайды. Сіз телефонды аласыз. Сіздің бетіңіз сканерленеді, олар бірнеше сұрақтар қояды, содан кейін адамдарға несие беріледі. Қазірдің өзінде бірнеше жағдай тіркелген. Шахан, Ақтас, Қарағанды қалаларында үш жағдай. Қарағандыда бір әженің атынан 11 миллион теңге несие рәсімделген. Сонымен қатар Қарағандыда ер адамның атынан да бірнеше несие алып тастаған. Ер адам осы жағдайдан кейін өзіне-өзі қол салды", – делінген ақпарата.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аудио таратуда көрсетілген фактілер шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Қазіргі уақытта полиция таратылған хабарламаның авторының жеке басын анықтауға тырысуда. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деді баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Ол аймақ тұрғындарын тек ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырды.

Айта кету керек, Ұлттық статистика бюросының сұхбат берушілері бейнеқоңырау шалмайды, үйді-үйді аралайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары