$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда өртеніп кеткен үш баланың мәйітін тану мүмкін емес – туыстары

Жанып жатқан шөп үш сағаттан астам уақыт бойы сөндірілген.

Бірнеше сағат бойы бүкіл ауыл үш оқушыны іздеген. Балалардың ата-анасы оларды тірі табамыз деп үміттенген. Бірақ балалардың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Туыстары полицейлер балаларының өлі денесін тапқаны туралы бірден хабар бермегеніне наразы.

Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылының тұрғындары болған оқиғадан әлі де оңала алмай отыр. Кеш қарсаңында ауыл тұрғындары жоғалған үш мектеп оқушысын іздеуге шықты. Бірнеше сағаттан кейін олардың жансыз денелері кездейсоқ өртелген шөп арасынан табылды.

“Олар күшікпен ойнап жүрген, күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Екінші, үшінші сынып оқитын үш бала күшіктің артынан шөпке кірген. Олар не істеп жатқанын білмеген. Қараңғы болғаннан кейін сіріңке жағып, жарық жасайын деген. Осылайша шөп тұтанып кеткен. Балалардың денелері табылды. Бірақта оларды тану мүмкін емес”, – дейді ауыл тұрғыны Әділбек Ізғалиев. 

Бірақ қайтыс болған балалардың бірінің әжесі олардың сіріңке болмағанына сенімді. Әйелге полицейлер балалардың мәйіттерін тапқаны туралы бірден хабарламағанына таңғалып отыр.

“Бұл жиналмаған шөп болатын. Шөптің иесі біреу темекі тастап жіберген дейді. Бірақ өрттің себебі әлі белгісіз”, – дейді марқұм балалардың бірінің әжесі Алтын Әбенова. 

“Біз өзеннің жан-жағын тексердік, бүкіл жерді айналып өттік. Полиция аймақты қоршап тастады. Бастапқыда ешнәрсе айтпады, тек кейінірек, біз сұрақ қоя бастағанда, олар бізге болған жағдайды жеткізді. Ал бұған дейін біз бекер қарап отырдық”, – дейді қаза тапқандардың туысы Ардақ Есбусинов.

Балалардың өліміне қатысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары туыстарының ашуына наразылық білдірді.

“Әрине, қараңғы болғандықтан табылған мәйіттер туралы дер кезінде хабарлау қиын болды. Онда мамандар, сарапшылар мен тергеу тобының өкілдері жұмылдырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – дейді Атырау облысының полиция басқармасының баспасөз хатшысы Мейірім Есдәулет. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жанып жатқан шөп үш сағаттан астам уақыт бойы сөндірілген. Өрттің себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Атырау