Жаңалықтар 07.10.2021 сағат 10:20

Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды

Айыпталушыларды "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.
Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заңбұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот алқасы қаулы етті: қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды", - деп Абай Көкжалов Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімін оқыды.

Айыпталушыларды "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Еске салайық, 28 мамырда LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шыққан болатын. 

Іс бойынша айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталған:

Елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Қалалық мәслихаттың экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.


Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырыған.

ЖШС өкілі Ұлықбек Ачилов 8 жылға бас бостандығынан айырылған, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Мердігердің өкілі Дәурен Әбдіхамитов заңсыз жолмен алынған басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлікті тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мердігер өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мердігердің өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар