$ 494.87  520.65  4.91

Альберт Линдердің ағасы жаңа мәлімдеме жасады

Семен Линдер інісінің өліміне Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Седовты айыптады.

Марқұм қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің ағасы Семен Линдер өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Седовты айыптады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оның айтуынша, ол спортшыларға физикалық және писхологиялық зорлық көрсеткен.

Мен інімді қайтара алмаймын. Біріншіден, мен бұл трагедия туралы ештеңе білмейтін адамдарға мән-жайды түсіндіргім келеді. Седов – бір спортшының емес, көптеген адамдардың өмірі мен психикасын бұзған. Ол балаларды ұрып, психологиялық күйзеліске ұшыратып, көпшілік алдында қорлап, жеке өмірлеріне араласып, үнемі бопсалап отырды, – деп жазды ол өзінің парақшасында.

Семенның айтуынша, жаттықтырушы басқалардың алдында өзін жақсы ұстап, оқушыларға мүлде басқаша қабақ танытқан.

Неге үндемей, қорлыққа шыдап жүрдіңіз деп сұрарсыздар. Бәрі бала кезден басталды: біз үй көрмей өстік, интернатта оқыдық, барлығының мақсаты бір болды – спортта жетістікке жету. Артқа шегінерге жол болмады. Біз ата-анамызға масыл болғымыз келмеді, барынша оларға көмектесуге ниеттендік. Бәрін түсініп тұрдық, – деп жазды Семен Линдер.

Оның айтуынша, олар бауыры екеуі үйі мен спорт мектебінің арасы 10 минуттық жер болса да, айлап үй көрмеген. Бапкердің соққысынан кейін денеміз көгеріп қалатын.

Штанганы құлатып алсаңыз, бірден соққының астына алады. Жазалайтын, шынымен күш көрсетіп, ұратын. Бәріміз осы кезеңнен өттік. Үнемі қорлап, ұрып-соғатын. Ата-аналарға «бәрі жақсы» деп, сендіретін. Ол кезде ойымыз басқа болатын. Шағымдансаң, «тоқылдақ» болатын едік, – деп қосты Семен Линдер.

Ол інісінің өліміне себепсіз ешкімді кінәламайтынын баса айтты.

Біз әділдікке ұмтыламыз, сондықтан кінәлілер жазаланады. Альберт бір нәрсені қалайтын: бұл әділеттілік, ол адал болды, ол өзінің арманы үшін олардың лас ұсыныстарына келіспеді. Қайталап айтамын, мен інімді қайтара алмаймын! Бірақ болашақ ұрпақ үшін бәрін өзгертуге болады. Сіздердің түсіністік пен қолдауларыңызға сенемін, – деді Семен Линдер оқырмандарына.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары