$ 494.87  520.65  4.91

«Суретіңе қарап, сыртыңнан оқимын»: Шымкентте мәдениет үйінің қызметкері журналисті қарғаған

Қарғыс айтуға әлеуметтік желідегі жазба себеп болған.

Шымкенттік журналист Ерболат Айнабеков қарғыстың астында қалғанын айтады. Қарғысты көшедегі біреуден емес, білдей бір мәдениет үйінің қызметкерінен естідім деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Журналист әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мен «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің қызметкері Жанар Сәмбетованы сынап жазған көрінеді. Арада бір күн өтер-өтпес оның телефонына Ж.Сәмбетова хабарласып, қарғыс жаудырыпты. Е.Айнабеков сөзіне дәлел ретінде осы екеуара болған әңгіменің аудиожазбасын да Facebook-парақшасына жүктеген.

Аудиожазбада сөйлеген әйел адам журналисті суретіне қарап оқитынын, жолын байлайтынын ескерткен.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай бұған дейін де болған еді. Журналист Серік Боқан Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан қарғыс естідім деп әлеуметтік желіде жазба қалдырып, кейін ол үшін өкінетінін де мәлімдеген болатын. Тілеуханның өзі болса қарғыстың қазақтың дәстүрінде, фольклорында кездесетінін айтып, журналисті қарғағанын жоққа шығармады.

АЗАТТЫҚ РУХЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары