Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 737-ші шақырымында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті Otyrar.kz порталы хабарлап отыр.
Белгілі болғандай, «Yutong» маркалы автобусын Шымкенттің 1973 жылғы тұрғыны жүргізген. Қоғамдық көлік «Shaanxi» жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан Автобуста болған жолаушылардың бірі көз жұмды. Оның жасы 20-25 шамасында, кім екені әлі анықталып жатыр. Сондай-ақ, автобустың жүргізушісі аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Қазығұрт ауданындағы ауруғанаға автобустың тағы 10 жолаушысы келіп түскен. Олардың ең жасы 16-да, ең үлкені 64 жаста деп хабарлады ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Науқастардың бірі - әйел адам жансақтау бөлімінде, оның сүйектері сынып, миы шайқалған.
Естеріңізге салайық, аталған жол бөлігінде жуырда 5 күнде 4 ірі жол көлік оқиғасы тіркелген болатын. Олардың салдарынан оннан астам адам қайтыс болып, тағы ондаған жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған.