08.10.2021, 11:40

«Әйеліммен шатастырып алдым»: Оралда әкесі өз қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген

Фото: ашық дереккөзі
Полиция дерегінше, 16 балаға зорлық жасалған.

Оралда туған қызын зорлаған опасыз әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде ол қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталған. Мамандардың айтуынша, өңірде осындай  жантүршігерлік оқиғалар  жиілеп барады. Жыл басынан бері 16 жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мені анам ұрып-соғып, тіпті тепкілеп тастады. Өлгің келсе, арам қат! Маған сенің бар-жоғың бәрібір!» - деп ұрысты. Бірақ өзімді өлтіре алмадым. Өлу оңай емес екен. Қолымнан ешнәрсе келмеген соң, жылай беремін. Кейін қалай өлудің амалдарын іздестіре бастадым. Өзіме пышақ тығып алғым келген. Бірақ олай істей алмадым», - дейді 16 жастағы қыз.

Биыл өз туыстарынан жәбір көрген жасөспірімдер күрт көбейген. Полиция дерегінше, 16 балаға зорлық жасалған.  

«Ең сұмдығы, жыныстық сипаттағы зорлық көп кездеседі. Бұл қылмыс түрі 30 пайызға артып отыр. Мысалы, арақ ішіп алып, өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген оралдықтың үстінен іс қозғалды. Ол мастығынан айыққасын, қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып, ақталыпты», - дейді Орал қаласы ПБ ювеналды полиция инспекторы Мәдина Құспанова.

Полиция дерегінше, былтыр екі жасөспірім суицид жасаған. Тағы 13 баланың осындай әрекетке барғаны анықталды.