$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салынады

Жаңа заң иттерді төбелестіруге, жануарларға анестиясыз операция жасауға тыйым салмақ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламентінің Мәжілісі жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын жұмыс тобында қарауға алды. Заң жобасы жануарларға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырады. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Жануарларды қорғау туралы жеке заң қатыгездік, иттер төбелесі, жануарларға анестиясыз операция жасау, сабау, оларды заңсыз аулау сияқты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге тосқауыл қояды деп күтілуде.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын қабылдау Қазақстанды заманға сай өркендеген ел ретінде паш етіп, айналадағы тіршілік иелеріне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдағы агрессияны азайтуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, заң жобасын талқылаған депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша тиісті қорытынды дайындайтындарын жеткізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мысық #иттер