$ 494.87  520.65  4.91

Айнұр Тұрсынбаева: Адамның бақытты не бақытсыз екенін сөзінен-ақ білуге болады

Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес дейді ол.

Айнұр Тұрсынбаева бақытты адамдар мен бақытсыз адамдар туралы жазба жариялады. 

«Адамдардың бақытты не бақытсыз екенін сөйлеген сөзінен, жасаған амалынан, мінез-құлқынан білуге болатынын қазір бәріңіз жақсы білесіздер. Айналаңызда немесе әулетіңізде әркіммен алысып, уын шашып, тек қана жамандықты айтып, жұрттың бәрінен мін іздеп отыратын адамдар бар ма?! Мен айтпасам да ол адамның жүрегінде тыныштық жоқ екенін біліп отырсыз ғой. Қысқа ғана ғұмырын біреудің артын ашумен өткізіп жүргендердің тағдыры неткен аянышты. Бірақ сол адамдарды басқаларға жамандап, аяп, сөз қайтаратын болсаңыз сіз де өз бақытыңызды жоғалтып аласыздар. Алласын танымаған, таппаған адамның ешқашан жүрегінде тыныштық болмайды! Ал жүрегінде тыныштық жоқ адамда қайдағы бақыт?! Оларға бар ақшасы аз сияқты, дүние тар сияқты, басқалардың жолы болғыш сияқты тек қана өзі дүниені тіреп тұрған сияқты, өзі ғана ақылды сияқты көрінеді екен. Бұл тәкаппарлық емей немене?! Есіңізде болсын! Бақытты адам сізге тек бақыт сыйлайды. Бақытты адамның жүзінде нұр болады! Сөздері жұмсақ, тілі тәтті болады. Айналасына шуақ шашады. Мейірімі төгіліп тұрады.. Басқалар үшін шын жүрегімен қуана алады»-дейді ақын. 


Дереккөз: Stan.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары