Желі қолданушылары Facebook, Instagram, сондай-ақ WhatsApp қызметтерінің істен шығуына тағы да шағымданады. Мұндай ақауларды танымал интернет-ресурстардың істен шығуы мен өшірілуін қадағалайтын Downdetector сайты тіркеген, деп хабарлайды Stan.kz.
Порталдың мәліметінше, Facebook жұмысына шағымдар астана уақытымен жұма мен сенбіге қараған түні түсе бастады. Шағымдардың көп бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Италиядан түскен, сонымен қатар Ресейде де сәтсіздіктер туралы айтылады.
Instagram-дағы проблемалар туралы АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Нидерландыдан, сондай-ақ Канада, Италия, Ирландия, Испания, Франция, Ресей және басқа елдер де хабарлады.
Желі қолданушылардың көбі Facebook-тің ресми сайтының жұмысына шағымданады, сонымен қатар қосымшалар мен есептік жазбаларға кірумен қиындықтар болған. Instagram қолданушылары қосымшаның жұмысына, серверге қосылу кезіндегі ақаулар, жаңалықтар лентасы мен сайтпен жұмысына шағымданды.
Facebook әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы білетіндерін мәлімдеді және жағдай үшін кешірім сұрады.
"Біз кейбір адамдарда біздің қосымшалар мен өнімдерге қол жеткізуінде проблемалар бар екенін білеміз. Ақауларды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", – делінген Facebook-тің Twitter-дегі хабарламасында.