Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.