$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, көлік екіге бөлініп қалды

20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматы облысында жол апаты кезінде көлік екі бөлікке бөлініп кеткен. 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға орнынан видеоны желі қолдаушысы таратты. Көліктің “қалдықтары” бейнеленген кадрларды видео авторы өте қорқынышты деп сипаттайды.

"Бұл көліктің тек бір бөлігі. Міне, оның алдыңғы жағы", - дейді роликтің авторы.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 8 қазанда сағат 17.30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында болған. Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 39-шақырымында Mercedes - Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Audi S4 және Toyota Camry-мен соқтығысқан.

"Нәтижесінде Мерседес көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттармен жол-көлік оқиғасына тағы екі қатысушы ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша Қазақстан ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", –  деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары