7 қазан күні Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне аумақтық орман шаруашылығы қызметкерінен телефон хабарламасы келіп түскен. Оның хабарлауынша «Жұлдыз» аңшылық шаруашылығы аумағында белгісіз адамның заңсыз аң аулаумен айналысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 41 және 42 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын қолға түсірді. Аққу құсы бүгінде жоғалып бара жатқан құстар санатында Қызыл кітапқа енген.
Оқиға орнын тексеру барысында олар бір аққу ұшасын, ұсталғандарға тіркелген екі мылтық пен оқтарды, 60-тан астам патрон тәркіледі.
Алдын ала есептеулер бойынша, шығын 5 млн 250 мың теңге болған.
Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша Егіндікөл АПБ тергеу бөлімі ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сараптама тағайындалды.