$ 494.87  520.65  4.91

Динара Сұлтанның өзінен 17 жас үлкен күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

Ерлан Қожасбай енді Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметін атқарады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Мұндай шешім ұлттық федерацияның кезектен тыс Конфедерациясында қабылданған. Ол осыған дейін аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқарған болатын. Сондай-ақ, Қожасбай 2001-2005 жылдары федерацияның басшысы қызметінде болған. Ал күрес федерациясының бұрынғы президенті Сауат Мыңбаев ұйымның құрметті президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды nur.kz. 

Айта кетелік, Ерлан Қожасбай мен Динара Сұлтан «Екі жұлдыз» телевизиялық жобасында танысып, көңіл қосқан. Біраз жылдар бойы олар Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында тұрды. Екеуінің ортақ бес баласы бар. Одан бөлек, Динараның бірінші некесінен бір қызы, ал Ерлан Қожасбайдың бірінші некесінен екі баласы бар екені айтылады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары