$ 494.87  520.65  4.91

Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып, көз жұмды

Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

РФ Орынбор облысында суррогат ішімдіктен уланып, 26 адам көз жұмды және 28 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Зардап шеккендер саны 49 адамнан 54-ке өсті. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгендер де қайтыс болды. Жалпы, 26 адам көз жұмып, 28-і аман қалған, тағы бір бөлігі стационарда жатыр», - деді Орынбор облысы өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары Инна Аверкова.

Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен. Тергеушілер мен полицейлер қойма мен өндірік бекетін тауып, 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі. Алты қылмыстық іс қозғалды. Алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтаған және сатқан алты адам ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары