$ 443.85  474.3  4.8

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Арай көшесінде көлік қозғалысы бір тәулікке тоқтатылады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордада жол төсемінің орташа жөнделуіне байланысты Арай көшесіндегі көлік қозғалысы бір тәулік бойы тоқтатылады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ елордалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Арай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Осы жылдың 10-11 қазаны аралығында Космонавтар көшесінен Нормандия-Неман эскадрильясы көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады. 

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", – делінген ведомство хабарламасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары