Бодрум курортында бес жұлдызды қонақ үй өртенді, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Turizmguncel сайтының мәліметінше, Бодрум Милас тас жолындағы Кайнар ауданындағы қонақ үй өртенген.
Өрт өте күрделі болған. Сондай-ақ, өрт кезінде "отын бактарының жанында" бірнеше рет жарылыс болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Қызметкерлер эвакуацияланған, туристер болмаған.
Қазір өрт себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.