$ 443.85  474.3  4.8

Татарстанда ұшақ құлады, қаза тапқандар бар

Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жатқызылды.

Татарстанның Мензелинск қаласында ұшақ құлады, деп хабарлайды Stan.kz.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің мәліметінше, бортында 20 парашютші және екі экипаж мүшесі болған L-410 ұшағы Татарстандағы Мензелинск қаласында құлады.

Дереккөздің хабарлауынша, ұшақ Мензелинск (Татарстан) қону жолағынан көтерілгеннен кейін құлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жатқызылды. 

"ТЖМ ақпараты бойынша, Мензелинск қаласының ауданында Мензелинск қону жолағынан ұшқаннан кейін Л-410 апатқа ұшырады. Жолаушыларды босату және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - деді ақпарат көзі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары