ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer екпесін бірінші балалар мен жүкті әйелдер алатынын айтты. Артынша министрлік оның қазақстандықтарға қолжетімділігі мәселесін қарастырады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Pfizer вакцинасы бастапқыда 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге бағытталады. Артынша басқа адамдарға да қолжетімділігін қарастырамыз. Бірінші кезеңде біздің міндет – балаларды вакциналаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, – деді Денсаулық сақтау министрі.
6 қазанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша соңғы келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады. 2021 жылдың төртінші тоқсанында препарат Қазақстанға әкелінеді.