$ 494.87  520.65  4.91

Bek Air жолаушыларына 110 млн теңге төлеуі тиіс

Осылайша 1797 тұтынушының құқығы қорғалды.

Сот Bek Air компаниясын өз жолаушыларына 110 млн теңге төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков 2020 жылы тек Bek Air-ге ғана тұтынушылардың көптеген өтініштері түскенін айтты.

Біз 1797 тұтынушының құқығын қорғадық. Олар сот шешімімен 110 миллион теңге өндірілді, – деді ол.

Еске салсақ, Bek Air Fokker 100 жолаушылар ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында сағат 07:21-де Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырады. 12 адам қаза тапты. Авиакомпания рейстер тоқтатылғаннан кейін жолаушыларға билет құнын қайтармады, осыған байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сотқа жүгінді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары