Қарағандыда полиция қызметкері итті таяқпен ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz.
10 қазан күні Майқұдықта болған оқиғаның видеосын еріктілер әлеуметтік желіде жариялаған. Кадирлардан полицейдің итті таяқпен ұрып, артынан бұрышты баллон шашқанын көруге болады.
Осылайша полицей тұрғындарды “қабаған жануардан” қорғамақ болыпты.
Қарағанды облысының полиция департаменті шағымды қызметкердің көршілері түсіргенін жеткізді. Айтуларынша, итті еріктілерге берген. Алайда жануарларды қорғаушылар бұл мәліметті теріске шығарып отыр. Олардың хабарлауынша, итті гаражда байлаулы тұрған күйінде, түрлі дене дарақаттарымен тауып алған.
Айта кетсек, өткен аптада мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заң жобасы қабылданған болатын.