$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбелік келіншек жүктімін деп жұмыс берушіні алдап келген

Ол тіпті «жүктілігіне» байланысты 900 мың теңге төлем де алған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе тұрғыны өзін жүктімін деп айтып, жұмыс берушіден жеңіл қызметке ауыстыруды сұраған. Кейін декреттік демалысқа шыққан. Мұның бәрі жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция қызметі жүктімін деп декреттік демалысқа шыққан күдіктінің ісін қарап жатыр. Полицияға арызды мұнай компаниясы түсірген. 

«Жұмысшысы өзінің жүкті екенін айтып, жеңіл қызметке ауыстыруды сұраған. Кейін декреттік демалысқа шыққан. Процессуалдық шешімнің заңдылығын тексеру кезінде келіншектің дәрігерлерді алдап, жұмысқа жарамсыз екенін дәлелдейтін анықтама алғаны, тіпті бір реттік әлеуметтік төлемге және босанғаннан кейінгі төлемге қол жеткізгені анықталды. Бұл шамамен 900 мың теңге болады. Осыған байланысты прокуратура Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық істі тергеу кезінде тиісті тексерулер жүргізбей жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама берген дәрігерлердің әрекеті де тексеріледі», - деп жазды Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары