Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.
Әзірге жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Полиция іс қозғады.
“Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды”, – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өккілі Жанна Біләлова.
Павлодарда соңғы бір аптада өз-өзіне қол салған оқиғалар жиілеген. Бірнеше күн бұрын ғана RBK банкінің өңірлік филиал директоры көп қабатты үйдің 8-ші қабатынан секіріп, көз жұмған болатын.