$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде инфляция деңгейі өсіп, азық-түлік тауарлары қымбаттаған

Соңғы бір айда ет (1,3%), өсімдік майы (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты 11,4%-дан 11,5%-ға дейін өскені айтылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша халық жиі тұтынатын азық-түлік тауарлары айтарлықтай қымбаттаған. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша республикада инфляция өскен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Paryz.kz. 

Көкөніс бағасының 8,7%-ке және жеміс бағасының 2,4%-ке маусымдық төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда инфляция 8,9%-ке жетіп, жылдамдауын жалғастырды, - деді Досаев Үкімет отырысында.

Соңғы бір айда ет (1,3%), өсімдік майы (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты 11,4%-дан 11,5%-ға дейін өскені айтылды.

Оның айтуынша, монетарлық емес факторларды тұрақтандыру үшін биыл қыркүйекте үкімет әкімдермен бірлесіп инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін іске асыра бастады. Соның нәтижесінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасы тамыздағы ең жоғары 10,4%-тен қыркүйекте 9,6%-ке дейін төмендеген.

Алайда қазанның бірінші аптасының қорытындысы бойынша баға тағы да өсіп, жыл басынан бері 9,9%-ті құрады.

Әлеуметтік маңызды азық-түліктің қымбаттауына жұмыртқа, тауық еті, қырыққабат, қант пен сиыр еті бағасының өсуі әсер еткен. 

Азық-түлікке жатпайтын инфляция қыркүйекте дизель (бір айда 3,8%), газ (0,9%) және көмір (1,9%) бағасының көтерілуі аясында 7,3%-тен 7,5%-ке дейін 0,2 пайыздық тармаққа өсті. Жанар-жағар майдың қымбаттауы дәнді-дақылдар бағасының өсуіне алып келді. Бұған қоса, көршің елдердегі бағаның қымбаттауы да тікелей әсер етіп отыр, ˗ дейді Ұлттық банк төрағасы. 

Белгілі болғандай, Ұлттық банк инфляция дәлізін 7,5-8,5%-ға қайтаруға күш салуда.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономика қалпына келе бастағандықтан шикізат бағасы өскенін атап өтті.

Осы жылдың тамызында өнеркәсіптік шикізат құны негізінен Қытай мен дамыған елдер тарапынан жоғары сұранысқа байланысты базалық металдардың 42,6%-ға қымбаттауы есебінен 38,5%-ға өсті. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы шикізаты 22,7%-ға қымбаттады.

Ұлттық банк төрағасы өткен айда 17 өңірдің 13-інде жылдық инфляция жеделдегенін мәлімдеді. Алты облыста инфляция 9%-тен асқан.

Қыркүйекте дизель отынының бағасы 3,8%-ке өсті, ал жекелеген облыстарда 10%-тен асты. Өндірістің ұлғаюы мен экспорттың тоқтауына қарамастан, дизель отынының тапшылығы байқалуда. Бұл инфляциялық қысымды күшейтіп, басқа тауарларға жанама әсер етіп жатыр, - деді Досаев.

Досаев инфляцияны "ұстап тұру" үшін өңірлік нарықтарда бағаны тұрақтандырып, тауарлар тапшылығына жол бермеу керек екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары