11.10.2021, 03:44

Алматыда 22 мыңнан астам оқушы «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке қол жеткізді

Фото: gov.kz
Сонымен қатар, әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 22142 оқушыға 774 млн 970 мың теңге бюджет қаражаты (жаппай оқыту қоры) сомасында көмек көрсетілді.

Алматы қаласы әкімдігі тарапынан әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетіліп тұрады. Нақты айтар болсақ, еліміздің қайырымдылық орталығы болып есептелетін аталмыш өңірде жыл сайын мемлекеттік органдар мен меценаттар мұқтаж және көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді. Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұмановтың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты - аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Айта кетсек, жалпыреспубликалық акция Мемлекет басшысының жолдауы аясында жүзеге асырылуда. Оның мақсаты әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардың балаларына (оның ішінде көп балалы отбасылардан) көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

«Эпидемиологиялық жағдайдың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акциясын өткізу платформа арқылы жыл бойы жалғасады www.atamekenim.kz көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алады, ал демеушілер мен меценаттар көмек көрсету бойынша өтінім бере алады», - деді Қ. Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы өткен брифингінде.

Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 22142 оқушыға 774 млн 970 мың теңге бюджет қаражаты (жаппай оқыту қоры) сомасында көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, акцияны Алматы қаласының меценаттары қолдап, 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Қ. Жұманов Білім басқармасы мен жаппай оқыту қоры тарапынан 1-11 сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған, 24 мыңнан астам оқушы қала мектептерінде тамақпен қамтамасыз етілген.