$ 494.87  520.65  4.91

Астананың кей аудандарында электр қуаты мен ыстық су беру тоқтатылады

Бүгін және ертең (29-30 шілде) Астананың кейбір аудандарында жылу есеп құралдарын орнатуға байланысты ыстық су беру жоспарлы ажыратылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Астана-Теплотранзит» АҚ мәлімдегендей, екі күн бойы Тұран, Қабанбай батыр, Сығанақ, Орынбор, Түркістан, Ақмешіт, Сауран, Сарайшық, Қонаев, Достық, Алматы, Керей-Жәнібек хандар, Тоқпанов мекенжайлары бойынша су ағытылатын болады.

«Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары ыстық сумен қамту желілерін ажыратып, жылу желісіндегі барлық жұмыстарды тоқтатуы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс», делінген мекеме хабарламасында.

Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ бүгін келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру жоспарлы тоқтатылатынын хабарлады: Мирзоян көшесі 5, 7, Қажымұқан көшесі 6, Абылайхан даңғылы 59, Сүюнбай ақын, Ақбиік, Жайылма, Майлыбай, Сұлұтал, Даулеткерей, Жоламан, Сейдаллин көшелері, Шұбарлы кенті Тайбеков көшесі 13-29, Бейбітшілік көшесі 33, Заречный кенті Енбекшілер көшесі 5/4-5/10, Қаратөбе көшесі 2-8, Аққұм көшесі 24, Комсомольский кенті Айғаным көшесі 11-21, Айша бибі көшесі 3, 4, 8, 9, 11, Қыз Жібек көшесі 10-16, 15-29, Республика даңғылы 8, 10, 10а, 10б, 10/1, 12, 16/1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары