17 жастағы қазақстандық Рахат Бекболат ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Рахат Бекболат Сауд Арабиясында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.
Бекболат 355 (155 + 200) келіні көтерді. Екінші орында түркиялық Танер Чаглар (152 + 185). Үздік үштікте Ирак спортшысы Аммар Рубаяви Әли бар (149 + 185). Спортшы алтын медаль алғаннан кейін қазақстандық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Мен өте ризамын, бәрі бір деммен өтті. Жарыс жоғары деңгейде және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болды, – дейді жас спортшы.