$ 443.85  474.3  4.8

Олимпиада-2020 жүлдегері жол апатына түсті

Бұл спортшының Ауыр атлетика федерациясы сыйға тартқан Toyota Camry көлігімен болған бір айдың ішіндегі екінші апаты.

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон жол апатына ұшырады. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, апат Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласына барар жолда орын алған. Спортшы дәл сол ауылда өсіп, үлкен спортқа алғашқы қадамдарын жасаған.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, сынған автокөлікті эвакуаторға артып жатыр. Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі нақтыланбаған.

Айта кетейік, бұл спортшының Ауыр атлетика федерациясы сыйға тартқан Toyota Camry көлігімен болған бір айдың ішіндегі екінші апаты. Көлік құны 20 миллион теңгеден асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары