13.10.2021, 00:21

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді

Фото: akorda.kz
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

14 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Беларусь Республикасының бастамасымен 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді", - деп хабарлады Берік Уәли Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайтынын атап өтті.