Елде лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болғандардың тағы бір тобы Шымкент сотының алдында жауап беріп жатыр деп жазады КТК. Теріс діни ұстанымға иланған үш қарағандылық жігіт Қазақстанның бірнеше аумағында жарылыс жасауды жоспарлапты.
Судья істі болып жатқандардың бетін көрсетпеуді сұрады. 21, 22 және 31 жастағы жігіттер түрлі қылмыс жасағаны үшін бұрын да темір тордың арғы жағында болып келген екен. Жат ілімге де сол абақтыда жатып иланған. Сөйтіп, түрмеден шыға сала теракт жасау жоспарына кіріседі. Ол үшін әуелі шымкенттік бизнесменді тонап, ақша таппақшы болған үшеу арнайы қызмет өкілдерінің қолына түсіп қалыпты. Ұсталғандардың біреуі ғана лаңкестік әрекет жасауға оқталғанын мойындап отыр. Қалған екеуі әзірге тағылған айыптармен келіспейді.