$ 448.15  483.46  4.86

Әйелін бояусыз көрген араб дереу ажырасуға арыз жазған

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны үйленгелі бері әйелін алғаш рет бояусыз көріп, шошып қалғанын айтып отыр. Ол дереу ажырасуға арыз жазды дейді Metro басылымы.

Газет тілшілерінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Шарджа қаласындағы жағажайлардың бірінде демалысын өткізген. Әйелі шомылу үшін бетіндегі бояуын жуып тастаған сәтте ері оның түрінің өзгеріп кеткенін байқаған.

Шошынған күйеуін сабырға шақырудың орнына 24 жастағы әйел бұған дейін бетіне пластикалық операция жасатқанын, жасанды кірпік жабыстырып, түрлі-түсті линза тағатынын да айтқан.

30 жастағы ер азамат көп ойланбастан ажырасуға арыз берген. Ол заңгерлерге өзінің алданып қалғанын айтыпты.

Айта кетейік, араб елдерінде мұндай жайттар жиі орын алып отырады. Мәселен, 2014 жылы WhatsApp-мессенджері арқылы жазған хабарламасына жауап бермеген әйелін саудиялық жігіт талақ айтып қуып шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары