Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан 19 жастағы суретін жариялап, қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.
Cәтжан ол кезде жаңалықтар жүргізушісі болғанын атап өтті. Араға 20 жыл салып, тележүргізуші бұл қызметіне қайта оралғанын жеткізді.
"Қазір жасым 39-да және мен "Астана" арнасында қайта жаңалықтар жүргіземін", - деді Динара Сәтжан.
Желі қолданушылары тележүргізушінің жас күнгі келбетіне тәнті болды.
"Жас әрі сұлусыз", "Еш өзгермепсіз, тура сондай сұлусыз", "Қызыңыз өзіңізден аумайды екен", "Өзгермейді екенсіз", - деп жазды оқырмандар.