Жаңалықтар 13.10.2021 сағат 10:20

Алматы тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген клиентті пышақтап, 10 млн теңгесін жымқырған

Зардап шегуші күдіктіден Tayota Camry 70 автокөлігін сатып алмақ болған.
Алматы тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген клиентті пышақтап, 10 млн теңгесін жымқырған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысының тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген азаматты пышақтап, 10 млн теңгесін алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқа тұсына сұғылған пышақ жарақаты бар 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жеткізілгені туралы хабар түсті. Ауруханаға жеткен жедел-тергеу тобы аталған фактіні растап, іздеу шараларын бастап кетті. Кейін сатушымен кездесу кезінде күдікті суық қару қолданып, зардап шегушіден 10 миллион теңге көлемінде ақшасын тартып алғаны анықталды», - деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Зардап шегуші күдіктіден Tayota Camry 70 автокөлігін сатып алмақ болған. Кездесу және ақшаны беру Есік қаласында өткен. 

«Аз уақыттың ішінде жедел қызметкерлер ер адамды анықтап, ұстады. Оны зардап шегуші мен куәгер таныды. Ол – 22 жастағы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі кезде уақытша ұстау изоляторына қамалған», - деп қосты Жақсылық Алтынбаев.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар