$ 449.58  486.94  4.86

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Ал 1 орынды иеленген №105 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль берілді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды. Ал 1 орынды иеленген №105 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль берілді.

Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар, 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарымен атап өтілді. Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

«Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетілуде. Биыл оны 33 млн теңгеден астам сомаға 566 жас маман алады.

Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несие беруді пайдаланды.

Кездесу соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары