$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 жылы болатыны болжанады», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары