$ 494.87  520.65  4.91

Вакцина алмағандарға да «жасыл» мәртебе берілетін болды

Енді сол талап жеңілдетіліп, вакцина алмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі бұйырады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бұған дейін тек екпе алғандарға берілген Ashyq қосымшасындағы «жасыл» мәртебе  енді екпе алмағандарға да қолданылады. Бірақ барлығына бірдей емес. Ол үшін қолыңызда вакциналауданбосататын дәрігердің арнайы рұқсаты болуы тиіс, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Карантин талабының қатаңдығы екпе алмағандардың аяғын тұсап келеді. Естеріңізде болса бұған дейін олардың санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруіне тыйым салынған. Енді сол талап жеңілдетіліп, вакцина алмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі бұйырады. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға уақытша берілген мүмкіндік екендігін ұмытпағаны жөн.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:

- «Ашық» қосымшасындағы «жасыл» мәртебесі кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін  растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары