Шығыс Қазақстанда шалғайдағы жайылымнан сиыр ұрлап, жеңіл көліктің жүк салғышына сыйғызған күдікті ұсталды, деп хабарлайды nur.kz.
28 қыркүйекте Үлкенбөкен ауылының 47 жастағы тұрғыны Көкпекті аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне хабарласқан. Полицияға жүгінген тұрғынның айтуынша, бір күн бұрын шалғайдағы жайылымнан белгісіз біреулер оның сиырын ұрлап, 450 мың теңге көлемінде залал келтіріпті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Полицейлер оны бөлімшеге апарып, күдікті өз әрекетін мойындаған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабы, 1-бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция ұсынған кадрлардан тірі сиырды автокөліктің жүк салғышында тасымалдағанын көруге болады.