$ 494.87  520.65  4.91

Тамара Асар: Аяғым ұшып қолыма түскенде әкем еш уайымдамады

Әнші әкесінің өмірде сабырлы, анасының өте сауатты жан екенін айтады.

Адам басына жазылған тағдырды көреді. Маңдайыңа жазылған тағдырға көнесің. Әнші әкесінен осындай сөздерді естіп өскен, деп жазады Stan.kz.

“Менің әкем өте сабырлы жан. Ешқашан асылық сөйлеген емес. Адам баласы тағдырына жазылғанын көреді деп жиі айтатын. Мен жол апатына түсіп, аяғым қолыма ұшып түскенде әкем уайым қылған жоқ. Сабырлық танытты. “Маңдайыңа жазылғаны сол болған” деді. Анам әкемнің сабырлығына таңғалды. Мен шарасыздық танытқанда әкем солай жұбатты. “Адам маңдайына жазылғанды көреді. Бұл – тағдыр” деп басу айтты. Мен де солай деп қабылдадым. Бала күнімде “мен әнші боламын, мен сахнаға шығам дегенде” әке “маңдайыңа жазғанда көресің, тағдырыңа жазылса, әнші боласың” деп отыратын. Мен айнаға барып маңдайымды қарайтынмын. Шынында не жазылда екен деп таппайтынмын”, – деді әнші. 

Тамара Асар өз бойындағы батылдықтық әкеден, шешендіктен анадан дарығанын айтады. Әкесі өте батыл кісі болса, анасы сауатты, сөзге шешен, көзі ашық жан. 

“Мені бәрі мықты деп айтады. “Сен қандай мықтысың” деп таңғалады. Мен мықты емеспін. Менің әкем мықты. Мен әкемнің арқасында мықтымын. Анамның қасында емес әкемнің қасында көп жүрдім. Себебі қыздың кенжесімін. Алдымда ұл, артымда ұл болған соң майлы қыз деп мені еркелетті. Солай мықты болып өстім. Сөз қадірін анамнан үйрендім. Баланың мықты болуы ата-анасынан. Бойға дариды, тәрбиемен келеді”, – деді Тамара Асар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тамара Асар