$ 448.89  477.93  4.76

Ақтауда «жұлдызды аспанға» 43 млн теңге жұмсалған

Жобаның бас мердігері Олжас Рахметов мұның сөзсіз бірегей жоба екендігін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласының әкімдігі қаланы безендіруге жергілікті бюджеттен 43 млн теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24.kz-нің мәліметінше, жауаптылар бұл шаһар тұрғындарының демалуына жасалған жағдай дейді. Бірақ ақтаулықтар өз демалыстарының құны мұншалықты қымбатқа түскеніне таңғалып жатыр. Мұндай жарқыраған жұлдыздарды ақтаулықтар бұрын соңды көрмеген.

Жобаның бас мердігері Олжас Рахметов мұның сөзсіз бірегей жоба екендігін айтты.

«Біздің сәулетшілер оны Ақтау қаласы үшін арнайы салды. Қаңқасы су өткізбейтін, желге төзімді металдан жасалған. Ақтауды жарықтандыру жұмысы жоспар бойынша осы жазда басталуы керек еді. Бірақ әкімдіктегілер мен тұрғындар қаланы безендіруге келгенде келіспей қала береді», - дейді ол.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алпысбай Таубаевтың айтуынша, 43 млн теңгеге бір емес, төрт сәулет нысаны салынып жатқанын айтты.

«Жұлдызды аспан», одан кейін заманауи киіз үй инсталляциясы, гүлдер алаңы және әткеншек инсталляциясы. Жергілікті бюджеттен қосымша құн салығын қоса алғанда 43 млн теңге салынды», - дейді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары