$ 494.87  520.65  4.91

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі Алматының меншігіне қайтарылды (ФОТО)

Мұражайда ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал сақталған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі А. Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды. Ол мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», - деп жазды  Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш.м.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал сақталған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары