Жаңалықтар 14.10.2021 сағат 00:42

Павлодар облысында көмірге кезек бірнеше шақырымға созылған (видео)

Көмірдің тоннасы бұл жақта 7500 теңгеден сатылып жатыр.
Павлодар облысында көмірге кезек бірнеше шақырымға созылған (видео)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысында қыс түспей жатып көмір тапшылығы байқалады. Баянауыл ауданында көмірге кезекке тұрған көліктердің ұзын-сонар тізбегі пайда болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook желісінде пайда болған видеодан бірнеше шақырымға созылған көліктердің тізбегін көруге болады. Желі қолданушысы 2 тәуліктен бері көмірге жете алмай тұрғандарын айтады.

Ал жүргізушілер "Майкөбеден шығып жатқан өз көмірімізге өзіміз жете алмай тұрмыз" — деп ашулы. Айтуларынша, бұл жылда қайталанатын көрініс.

Павлодар облысында осыдан бірнеше күн бұрын қалың қар түскенін айта кетейік. Ал көмірдің тоннасы бұл жақта 7500 теңгеден сатылып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар