$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

14 қазанда Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді. Қызылордада солтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз екпіні 15-20 м / с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытында, күндіз Мұғалжар өңірінде екпіні 15-20 м / с-ге жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары